You are currently viewing Балалар мен жасөспірімдердегі бет сүйектерінің жарақаты — балалардың бет-жақ хирургиясындағы ең күрделі мәселелердің бірі

Балалар мен жасөспірімдердегі бет сүйектерінің жарақаты — балалардың бет-жақ хирургиясындағы ең күрделі мәселелердің бірі

Өз бойының биіктігінен немесе спорттық снарядтардан құлау жоғары кинетикалық энергияны тудырады. Бұл бет сүйектері мен тіс-жақ жүйесінің бұдан былайғы дамуына нұқсан келтіретін аралас және көптеген сынықтарға әкеп соғады. Сынықтар тым көп болған кезде дәрігерлерден зергерлік дәлдік талап етіледі. Сүйек сынықтарының орнына келтіріліп, металл құрылымдармен және бұрандалармен бекітілуі (остеосинтез) — мұндай ауыр жарақаттарды емдеудің «алтын стандарты» болып табылады. Биоүйлесімді материалдардан жасалған микропластиналарды қолдану ағзаның оны қабылдамай тастау қаупін азайтады және жасөспірімнің оңалтудан кейін толыққанды өмірге оралуына мүмкіндік береді.

Соңғы осындай жарақаттану жағдайы, турниктен құлау салдарынан бет сүйегі мен жағы көптеген сынықтарға ұшыраған 13 жасар жасөспіріммен болды. Эндотрахеалды наркозбен бет-жақ хирургі Н.Б. Салимов сүйек сынықтарын жабық түрде орнына келтіріп, оларды титан тормен және мини-бұрандалармен сәйкестендіру отасын жасады.

Мұндай жарақаттар шұғыл хирургиялық көмекті, ал кейіннен ұзақ мерзімді бақылау мен оңалтуды қажет етеді, өйткені бет сүйектерінің өсуі әлі де жалғаса береді.

Ата – аналарға ескертпе: самокат және велосипед тепкенде балаға міндетті түрде шлем кигізіңіз, ал экстремалды спортта — қорғаныс каппасын қолданыңыз. Биік турниктерде қауіпті трюктер жасауға рұқсат бермеңіз. Жасөспірімді құлаған кезде иегін кеудесіне қысып, жиырылып құлауға үйретіңіз. Бала зейінін жоғалтпауы үшін жаттығу кезінде гаджеттерді пайдалануға тыйым салыңыз. Бет сүйегі сынды деген күдік болса, жарақаттанған жерге мата арқылы мұз басып, баланы шұғыл түрде бет-жақ хирургиясына жеткізіңіз. Өз бетіңізше ештеңені орнына салуға тырыспаңыз!