You are currently viewing Балалар нефрологиясы

Балалар нефрологиясы

Бүйрек — бұл ағзамыздың басты қалқаны әрі табиғи сүзгісі. Баланың бойындағы осы бір қорғаныс тосқауылы сыр бергенде — бұл бүкіл отбасы үшін үлкен сынаққа айналады. Статистика деректері көңіл көшітпейді: бүкіл әлемде бүйрек ауруына шалдыққан балалар санының артуы байқалуда. Бұл немен байланысты? Диагностиканың жақсаруы, фастфудтың, жасырын тұз бен газдалған сусындардың көп тұтынылуы, аз қозғалысты өмір салты (гиподинамия), экология және бұған дейін өткерген инфекциялық аурулар басты себеп болып отыр. Біздің бөлімшеде жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ), гломерулонефрит және пиелонефрит, даму аномалиялары, нефротикалық және нефритикалық синдромдар, бүйректің генетикалық және орфандық аурулары (мысалы, поликистоз) сияқты диагноздары бар балаларға көмек көрсетіледі. Ақтөбе облысының бас балалар нефрологы Ж.Н. Изимова Батыс аймақта алғаш рет негізін қалаған перитонеалды диализ әдісі ауыр патологияларды емдеуде нағыз серпіліс болды. Бұрын бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы тек аурухана төсегімен және гемодиализдің ауыр процедураларымен байланыстырылатын. Перитонеалды диализ бәрін өзгертті: бұл процедура бала ұйықтап жатқанда жасалады, сондықтан балалар мектепке бара алады, достарымен араласып, кәдімгі өмір сүре алады, бұл әдісті кішкентай ағза әлдеқайда жеңіл қабылдайды. Сондай-ақ бұл — орган трансплантациясын күту кезінде баланың өмірін сақтап тұрудың ең қауіпсіз тәсілі. Қазіргі заманғы балалар нефрологиясы — балаға толыққанды өмірді қайтару мүмкіндігі және дені сау болашаққа деген зор үміт!