You are currently viewing Темір және Қобда аудандарының балаларына консультативтік медициналық көмек көрсетілді

Темір және Қобда аудандарының балаларына консультативтік медициналық көмек көрсетілді

Облыстық балалар ауруханасының мамандарынан құралған  мобильді дәрігерлік бригаданың  ауыл балаларына консультативтік көмек беру шаралары жалғасуда. Үстіміздегі айда мамандар Темір және Қобда аудандарына кезекті іс-сапарға жолданып, 243 балаға медициналық көмек көрсетті. Мобильді дәрігерлер бригадасы  облыстың жетекші мамандарынан құралды: облыстың  штаттан тыс бас балалар кардиологы А. А. Ботбаева (мобильді бригаданың жетекшісі),  неврологтар Аймағамбетова Ж.Ж., Жанұзақова М.М., оториноларинголог Искендиров А.Д., травматолог – ортопед Бектұрсын Қ.А., хирург Гутарев А.А., гематолог Есмамбетова А.А.

Сапар барысында  неврологтармен 85 бала, кардиологпен 73 бала, хирургпен  14 бала, травматолог – ортопедпен 16 бала,  гематологпен 23 бала, оториноларингологпен – 32  бала қаралды. Қаралған балалар ішінде 28 баланың денсаулығында  бірінші рет патологиялық өзгерістер анықталды: сколиоз, крипторхизм, «теміртапшылық анемия», тонзиллит, жүрек ақауы т.б.

Анықталған пациенттер біздің аурухананың тәулік бойғы стационары мен консультативтік — диагностикалық бөлімшесінің базасында тереңдетілген тексеруден өтуге және емделуге жолдама алды. Екі бала  хирургиялық отаға жолданды.

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының мамандарының аудан орталықтарына консультативтік көмек көрсету  мақсаты — ауылдық жердегі әрбір баланың облыстық деңгейдегі тәжірибелі мамандардың мамандандырылған медициналық көмегін дер кезінде алуын қамтамасыз ету.