Ауруханамызда бұған дейін педиатрияда мүмкін еместей көрінген ең күрделі ота сәтті өтті. Жас пациентке (жасөспірім қызға) калькулезді холециститке байланысты лапароскопиялық әдіспен өт қабын алып тастау отасы жасалды. Бұл отаның басты ерекшелігі – бұрын мұндай хирургиялық ем балалар практикасында дерлік кездеспейтін және тек «ересектерге» ғана жасалады деп есептелетін.
Пациенттің диагнозы тағы бір қауіпті асқыну – холедохолитиазбен күрделене түсті. Қарапайым тілмен айтқанда, тас өт қабында ғана тұрып қалмай, одан әрі жылжып, басты өзекті мүлдем бітеп тастаған. Бұл қыз баланың өміріне үлкен қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін еді. Бақытымызға орай, лапароскопиялық ота уақтылы жасалды. Дәрігерлер баланы осындай қорқынышты асқынулардан аман алып қалды, қауіптің көзін жойып, өт ағынын қалпына келтірді.
Отаның мінсіз өтуі үшін аурухананың бас дәрігері Н.Н.Қожин М.Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығының көпбейінді жоспарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер А.Е.Ерғалиевті шақыртты. Аслан Есенғалиұлы кезінде біздің аурухананың хирургия бөлімшесін басқарған және батыс өңірінде педиатриядағы лапароскопиялық аз инвазивті хирургияның негізін салушылардың бірі болды. Тәжірибелі ұстаз бен ауруханамыздың хирургтарының бірлескен күш-жігері тамаша нәтиже берді, пациентіміз үшін ең қорқынышты кезең артта қалды.
Отаның зергерлік лапароскопиялық әдісінің (бар болғаны бірнеше ұқыпты тесік жасау арқылы) арқасында қыз бала тез сауығып кетті. Ешқандай ауырсыну мен тыртық қалмады: жасөспірім қыз үшін эстетикалық нәтиженің де маңызы зор. Бүгінгі таңда ол қанағаттанарлық жағдайда тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының одан әрі бақылауына шығарылды.
