You are currently viewing Біздің ауруханамыз Республиқалық байқаудың «Балалар медицинасы» номинациясында жеңімпаз атанды

Біздің ауруханамыз Республиқалық байқаудың «Балалар медицинасы» номинациясында жеңімпаз атанды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның 10 жылдық мерейтойы аясында «Медициналық көмек флагманы – 2026» атты тұңғыш республикалық үлкен байқау қорытындыланды. Конкурсқа еліміз бойынша 1800-ден астам, ал біздің Ақтөбе облысынан Қормен шарт жасасып, халыққа қызмет көрсетіп жатқан барлық медициналық мекемелер қатысты. Осынау облыстағы ондаған ірі емханалар мен ауруханалардың арасынан біздің Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасы ерекше кәсібилігімен дараланып, «Балалар медицинасы: бірегей шешімдер» атты арнайы номинацияда ЖЕҢІМПАЗ деп танылды!

Ауруханамыз Республикалық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Г. Сәбденбектің жеке қолтаңбасы қойылған Бас дипломмен марапатталды! Осынау биік жетістіктің символы болған арнайы диплом мен салтанатты естелік мүсіншені ауруханамыздың бас дәрігері Н.Н.Кожинге Қордың Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Н.Қ.Тымпиев арнайы келіп, зор мақтанышпен табыстады. Бұл жеңіс – облыстық балалар ауруханасының өңір медицинасындағы көшбасшылық орнын және кішкентай пациенттердің денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбегін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Барша аурухана ұжымын, дәрігерлеріміз бен медбикелерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  Еңбектеріңіз жана берсін!