Бүгін көпбейінді облыстық балалар ауруханасының басшысы Н.Н. Кожин азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Бала денсаулығы — біздің басты міндетіміз. Біз ата-аналар үшін тек сапалы медициналық көмек алу ғана емес, сонымен бірге өздерін мазалаған барлық сұрақтарға жауап табу да қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Азаматтарды жеке қабылдау — медициналық ұйым жұмысы регламентінің ажырамас бөлігі, ол ашықтықты қамтамасыз етуге және пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылдау барысында ата-аналар өздерінің барлық сұрақтарына жауап ала алады: баланың жағдайы туралы ақпарат біліп, отаның нәтижесі мен емдеу болжамдарын (әсіресе күрделі клиникалық жағдайларда) нақтылай алады, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасына қатысты даулы мәселелерді шеше алады және т.б.
Бүгін бас дәрігердің қабылдауына 6 ата-ана жүгінді, олардың балалары қазіргі уақытта біздің ауруханада мамандандырылған медициналық көмек алуда. Олардың барлық сұрақтарына толық әрі егжей-тегжейлі жауаптар берілді.
Аурухана басшысының қабылдау уақыты: әр аптаның сәрсенбі күні, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. Сондай-ак, егер кішкентай пациенттеріміздің туыстарында сұрақтар туындаса, олар кез келген жұмыс күні сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне алады.



