You are currently viewing Жүректің магнитті — резонанстік томографиясы — жүрек — қантамыр жүйесінің жоғарыдәлдік зерттеуі

Жүректің магнитті — резонанстік томографиясы — жүрек — қантамыр жүйесінің жоғарыдәлдік зерттеуі

2026 жылдың 26 наурызынан бастап Ақтөбе қаласындағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында батыс өңірінде алғаш рет 14–17 жас аралығындағы балаларға жүректің магниттік-резонанстық томографиясын (МРТ) жасау басталды.

Жүрек МРТ-сы — бұл рентген сәулесінсіз жүрек бұлшықеті мен қантамырларының құрылысын, жұмысын егжей-тегжейлі бейнелеуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялы, жоғары дәлдікті және инвазивті емес диагностика әдісі. Бұл әдіс қабынуды (миокардит), тыртықтарды (инфаркт), ісіктерді, ақауларды анықтаудың «алтын стандарты» болып саналады және жүрек бұлшықетінің құрылымын бағалауда ЭхоКГ-ға (УДЗ) қарағанда ақпараттық деңгейі жоғары.

Пациенттерді қабылдау 30 сәуірге дейін «Даму-Мед» ақпараттық жүйесі («Басқа мүшелердің МРТ-сы, коды С03.007.007») арқылы емхананың жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Амбулаториялық пациенттерді (14–17 жас) қабылдау кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 08:00-де (күніне тек бір пациент). Өзімен бірге ЭхоКГ, ЭКГ деректері және кардиолог консультациясының жазбасы болуы қажет.

МРТ зерттеуін дәрігер Валерий Сергеевич Игнатьев жүргізеді (сұрақтар туындаған жағдайда valeriy.s.ignatyev@gmail.com электрондық поштасына хабарласуға болады).