Осы жылдың мамыр айында ауруханамыз өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтеді! Осы айтулы күнге орай, біз келер ұрпақ үшін «жасыл із» қалдыруды ұйғардық. 18 сәуір күні «сенбілік» ұйымдастырып, өз «жеміс аллеямыздың» негізін қаладық. Алма, алмұрт, шие, өрік және қара өрік көшеттерін отырғызуға 300 медицина қызметкері белсенді атсалысты. Бұл бастамаға облыстың денсаулық сақтау саласының ардагерлері де қолдау көрсетті: М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Б.Қ. Дженалаев және «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары С.Б. Данияров. Барлығы 100-ге жуық жеміс ағашы егілді. Бұл ағаштар — жай ғана абаттандыру емес. Бұл — ұрпақтар арасындағы байланыс пен балаларымыздың денсаулығы үшін өсіп-өркендеп жатқанымыздың белгісі. Бұл аллея — біздің дамуымыздың, бірлігіміздің және өз ісімізге деген сүйіспеншілігіміздің символы. Кезінде шағын мекемеден бастап, бүгінде қуатты медициналық кешенге айналған ауруханамыз сияқты, бұл бақта өсіп, нығайып, балаларымызға күш-қуат сыйлайтын болады.
55 жыл ішінде ауруханамыз үлкен қалыптасу жолынан өтті: қарапайым стационардан заманауи медициналық орталыққа айналды. Бүгінде бұл — бұрын мүмкін емес болып көрінген ең күрделі жоғарытехнологиялық медициналық көмек көрсетіліп жатқан, балалар денсаулығының күзетінде тұрған ғылым мен инновациялар орталығы. Біз ауруханамыздың тарихын және оған үлес қосқан жандарды мақтан тұтамыз!
Акцияның 300 қатысушысының әрқайсысына алғыс айта келе, бұл аллеяның кішкентай пациенттеріміздің күш-қуат алатын және тезірек сауығып кететін орнына айналатынына сенімдіміз!
