24 сәуірде көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында эхокардиография және балалардың фетальды эхокардиографиясы саласындағы Түркияның жетекші мамандарының бірі, Анкарадан келген балалар кардиологы, профессор Осман Йылмаздың қатысуымен шеберлік сағаты өтті. Сапар аясында жүрек-қан тамырлары жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған ауыр ақаулары бар 11 пациент қаралып, тексерілді. Барлық балаларға жүректің егжей-тегжейлі эхокардиографиялық зерттеулері жүргізіліп, әрбір клиникалық жағдай бойынша салмақты шешімдер қабылданып, әрі қарай емдеу тактикасы айқындалды. Бұл балалардың жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалаудағы заманауи тәсілдермен, практикалық дағдылармен және біліммен алмасудың құнды тәжірибесі болды. Сапар соңында дәрігерлер доктор Осман Йылмазға берген білімі үшін шынайы алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастық орнататындарына сенім білдірді. Өз кезегінде профессор аурухана басшысы Н.Н. Кожинді және барлық ұжымды алдағы 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
