You are currently viewing Наурыз Мейрамы қарсаңында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы балаларға «Тұсау кесер» рәсімін өткізді

Наурыз Мейрамы қарсаңында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы балаларға «Тұсау кесер» рәсімін өткізді

Наурыз қарсаңында Ақтөбе қаласында «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының» амбулаторлық оңалту бөлімшесінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен игі бастама — «Тұсау кесер» рәсімі екінші мәрте өткізілді.

Тұсау кесу рәсіміне арналған салтанатты кешті «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының» емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Талипова Сәуле Бөлекбайқызы ашты.

Амбулаторлық бөлімше мамандарының еңбегінің нәтижесінде оңалту бөлімшесі қабырғасында кішкентай бүлдіршіндеріміз Нұрболат Ибраһим мен Мейрам Адия өздерінің алғашқы нық қадамдарын жасай алды.