You are currently viewing Жаңа Конституция — Ел болашағына бастар құқықтық бағдар

Жаңа Конституция — Ел болашағына бастар құқықтық бағдар

Кеше облыстық балалар ауруханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының реформасын түсіндіру мақсатында аурухана ұжымымен және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің резиденттерімен    кездесу өтті. Кездесу барысында Ақтөбе облыстық  маслихаттың төрайымы Г.Р.Суентаева, облыстық маслихаттың  депутаттары Қ.Қ.Сабыр, А.Е.Дүйсенова, қалалық маслихаттың депутаты Қ.Н.Тоқтаров Конституция жобасының негізгі бағыттарын, оның қоғам дамуына әкелетін ықпалын және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелерін кеңінен талқылады. Жаңа Конституцияның Ұлттық құндылықтарды  сақтауға,  халықтың рухани тірегі болып, еліміздің  стратегиялық дамуына бағытталғанын айта өтті. Кездесу үстінде бірқатар медицина қызметкерлерінің сұрақтарынада жан – жақты жауап берілді: оның ішінде Қазақстан Халық Кеңесінің орны мен функциясы түсіндірілді. Кеңес құрамындағы 126 мүшенің 42-сінің өзге этнос өкілдерінен сайланатынын және ол шешімнің  қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет»  жүйесі,  оның билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік беретіні түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өткізіліп, медицина қызметкерлерінің Отанымыздың  тағдырымен дамуына деген  белсенділіктерін арттырды. Кездесу соңында  М.Оспанов атындағы БҚМУ балалар хирургиясы кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы  Б.Қ. Дженалаев Конституция жобасы негізінің  айқын екенін  және  жаңа жобада адам құқықтарының, әділетті қоғам, заңдылықтың, еліміздің  тәуелсіздігімен  пен  тұтастығының, білім мен ғылымның, табиғат алдындағы  жауапкершіліктің мәселелері қамтылғанын атап өтті. Сонымен қатар,  Референдумның  Еліміздің тарихи шешімді  қабылдайтын маңызды шара екендігін ескере отырып, медицина қызметкерлерінің Конституция жобасына қолдау білдіретінін және  белсенді қатысатындарына  сенетінін жеткізді.