Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде тірек – қимыл жүйесінің туа біткен ақаулары бар және сыну, шығу, созылу, соғылу, күю т.б. жарақаттарға шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Бөлімшенің керуеттік қоры – 24 керует, оның ішінде 4 комбустиологиялық керует (күю жарақаты), 1 оңалту керуеті жұмыс жасауда.
Балалар травматологиясы – медицина саласының өте күрделі бағыттарының бірі. Оған себеп — бала ағзасының, оның ішінде тірек – қимыл жүйесінің, ересектерден мүлде бөлек, ерекшеліктері: сүйек тінінің толық қатаймауы, «жасыл бұтақ» типті сынулардың жиі кездесуі, әлі өсу аймақтарының барлығына байланысты сынықтың жылдам жазылғанмен, қате бітісу қауіпінің жиелігі… Баланың тірек – қимыл жүйесін бұзбай, қол – аяғының толық функциясын сақтау балалар травматологі үшін ең басты мақсат. Осы орайда, балалар травматологтарын алаңдататын жайыт, ол жыл сайын көпсалалы облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жүгінетін балалар санының өсуі. 2025 жылы травматологиялық пунктке 20 977 бала жеткізіліп, 1337 – не ота жасалды (2024 жылмен салыстырғанда 22,5%-ға жоғары). Оталардың 78,0%-ы балалардың ауыр жарақат алуына байланысты шұғыл («экстренно») жасалған (күрделі темірконструкцияларды қолданумен өткізілген жанбас, иық, жіліншік, бұғана т.б. сүйектерінің жабық және ашық репозициясы, қаңқаның тракциясы т.б.). Жарақаттардың басым көпшілігі үйден тыс жерлерде («далада») орын алған — 51%, «тұрмыстық» үй жағдайында – 31 %, спорт секцияларында – 7,8%, мектептерде – 6,3%, жол апаттарынан – 3,3%, бала бақшаларында – 0,9%.
Бүгінгі күні травматология бөлімшесінде 9 балалар травматологтары медициналық көмек көрсетуде: М.Оспанов атындағы БҚМУ травматология кафедрасының профессоры Ж.Т.Баубеков, Қ.Қ.Махамбетов, А.Б.Ерекешев, С.Ж.Нурымов, Ж.С.Князьбаев,Қ.А.Бектұрсын,Н.В.Капацын,А.Бисенов,А.М.Жаков.
Травматология бөлімшесінің меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер, Ақтөбе облысының бас балалар травматологі Ә.Е.Аубакиров.
Сонымен қатар, балаларға 10 орта медицина қызметкерлері көмек көрсетуде. Аға мейірбикесі – академиялық бакалавр А.Қ.Кабиева.
