You are currently viewing Шалқар АОА оңалту орталығы мамандарының облыстық балалар ауруханасындағы тәжірибелік стажировкасы

Шалқар АОА оңалту орталығы мамандарының облыстық балалар ауруханасындағы тәжірибелік стажировкасы

Маусым айында Шалқар аудандық орталық ауруханасының жанынан ашылған оңалту орталығының мамандары көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ,, Қамқорлық» амбулаторлық оңалту орталығының мамандарынан жұмыс орнындағы стажировка өтіп, медициналық, әлеуметтік, педагогикалық реабилитация бойынша тәжірибе алды.

Жыл басында ,, Қазақстан Халқына» , ,,Бірінші Президент» қоғамдық Қорларының және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған оңалту орталығы облыстың шалғай аудандары Шалқар, Ырғыз, Байғанин балаларына көмек көрсетуге арналған.

Жылына 600 баланы неврология, нейрохирургия, травматология, кардиология профильдері бойынша қабылдауға бағытталған орталық бүгінгі таңда кішкентай пациенттерге реабилитациялық көмек көрсетуде.

Бір жетіге созылған стажировка шеңберінде Шалқарлық мамандар облыстық балалар ауруханасының жоғарытәжірибелі реабилитолог, педагог мамандарымен күнделікті бірге балаларға қызмет көрсетіп, терең біліммен тәжірибе жинады.

Тәжірибелік стажировканы облыстық балалар ауруханасының амбулаторлық оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар реабилитологі Б.Ш. Исаева жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға, халықаралық стандарттарға сәйкес, оңалту тәсілдерімен таныстырды.