Бүгін көпсалалы облыстық балалар ауруханасында қалалық сенбілік өткізілді. Аурухананың барлық қызметкерлері бір адамдай сенбілікке қатысып, белсенді тазарту жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде 300 ден астам қапшық қоқыс, кепкен шөп шығарылды.
Сонымен қатар, аурухана ғимаратының ішіндеде қызметкерлер өз бөлімшелерінде күрделі тазарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес барлық медицина құрылғылары, медицина жихаздары, лифттермен холлдар залалсыздандырылды. «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, облыстық балалар ауруханасында ауқымды қалалық сенбіліктерден тыс жеті сайын кезекті сенбіліктерде өткізілуде. Аурухана аймағы учаскелерге бөлініп, әр бөлімшеге бекітілген. Қызметкерлер үлкен жауапкершілікпен және шын ниетімен жұмыстан тыс уақытта учаскелерін тазалап, көшеттермен гүлдерін суаруға атсалысуда.
Жалпы, сенбіліктер ұжымның ауызбіршілігін, ұжымдық рухын арттыратын керемет шара. Бүгінде, қалалық сенбілікке қатысқан 200 ден астам медицина қызметкерлері үшін шара өте көңілді және нәтижелі өтті!



























