You are currently viewing Кеше көпсалалы облыстық балалар ауруханасында8 наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізілді.

Кеше көпсалалы облыстық балалар ауруханасында8 наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізілді.

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, нәзік жанды әйел қауымына деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек нәзік жанды әжелерімізбен, аналарымызбен, апа — қарындастарымызбен, өмірлік жарларымызбен, жеңгелерімізбен, қыз балаларымызбен ажарлы.

Салтанатты кеште бір қатар әріптестерімізге облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Нұрқасынұлы Кожин ер азаматтар атынан ізгі тілектерін жолдап, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Б.Сұлтангереевтің
,,Qamqor»» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Қ.Сабырдың және көпсалалы облыстық балалар ауруханасы басшылығының мерекелік Алғыс хаттарымен сыйлықтарын табыстады. Ал, ер азаматтар күшімен дайындалған мерекелік концерттік бағдарлама нәзік жанды әріптестерін қуанышпен көтеріңкі көңіл — күйге бөледі!