Үстіміздегі жылдың 20-шы қазанында Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицинана университетінің ұйымдастыруымен «Клиникалық неврология. Диагностика және емдеу жаңалықтары» атты халықаралық қатысуымен ғылыми – практикалық конференция өткізілді.
Конференция жұмысына еліміздің және шет елдерінің белгілі ғалым неврологтары қатысып, өз баяндамаларын ұсынды: М.М.Лепесова, ҚРМУ неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., А.Х.Джаксыбаева, Астана медицина университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., Д.Н.Аяғанов, М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының жетекшісі, PhD, А.К.Мамедбейли,Әзірбайжан медициналық университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, Н.М.Туйчибаева, Ташкент медицина академиясының неврология кафедрасының доценті,м.ғ.д., Е.Д.Белоусова, Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми – зерттеу медицина университетінің психоневрология және эпилептология бөлімінің меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., Р.Ц.Бембеева, Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми – зерттеу медицина университетінің неврология, нейрохирургия және медициналық генетика кафедрасының профессоры, м.ғ.д. т.б.
Конференцияда балалар неврологиясының өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, эпилепсия, нейрооптикомиелит, лейкодистрофия, цероидты липофусциноз, Дюшен миодистрофиясының клиникалық ағымы, хирургиялық түзету, емдеу әдістері айтылды.
Өткізілген ғылыми – практикалық конференция Ақтөбе облысы және Батыс өңірінен жиналған невролог, педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің біліктілігін арттыруға оң әсерін тигізіп, үлкен серпіліс бергені сөзсіз.