Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы қызметінің 2026 жылдың 3 айы бойынша қорытындысы

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының үстіміздегі жылдың үш айлық  қызметі  қорытылды. Өткен 3 айдың ішінде 4 056 бала ауруханаға жатқызылды, оның 15,8 пайызын (642) ауылдық елді мекендерден келген балалар құрады. Балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Ауруханаға жатқызу құрылымында шұғыл жағдайлар басым – 2 996 науқас (73%). Есепті кезеңде 1 536 ота жасалды. Оталардың негізгі үлесі (71,3%) шұғыл хирургиялық араласулар болды. Биылғы жылы оталардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті. Аурухананың консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде 9 750 бала қабылданды.

Жалпы өлім-жітім көрсеткішінің 0,4-тен 0,05-ке дейін (3,5%-ға), оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлім-жітімнің 1,4-тен 0,2%-ға дейін (1,2%-ға) төмендегені байқалады (екі нәрестеде де ауыр жайылған құрсақішілік инфекциялар мен туа біткен ақаулары болған).

Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі өсуде. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне 2026 жылдың 1-ші тоқсанында 37 өтініш түсті, оның ішінде 9-ы медициналық емес сипаттағы шағымдар (2024 жылы – 40 өтініш, оның ішінде 11 шағым). Ата-аналардың барлық өтініштері медицина қызметкерлері тарапынан да, сондай-ақ жиі жағдайда емделушілердің туыстары тарапынан да әдеп және деонтология принциптерінің сақталуы мәселелеріне қатысты болды.

Аурухананы жаңғырту (реновация) шаралары жалғасуда: қабылдау бөлімшесін кіреберіс жолдарымен бірге қайта жаңарту, кардиореанимация бөлімшесін реконструкциялау, Батыс өңірі мен Қызылорда, Қостанай облыстарының балаларына арналған «Өңірлік кардиохирургиялық орталықты» ашу жоспарлануда. 3 ай ішінде шет елдерде және елімізде 14 дәрігер мен 24 мейіргер біліктілігін арттырды, аурухана базасында травматология, нейрохирургия, кардиохирургия бағыттары бойынша 3 мастер-класс өткізілді.

Сонымен қатар, аурухананың 55 жылдық мерейтойына дайындық жүріп жатыр. Осы атаулы күн аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, мастер-класстар, пленарлық мәжілістер, ғылыми секциялар өткізу, естелік ағаштар аллеясын отырғызу және мерейтойлық кітаптың тұсаукесерін жасау жоспарлануда.