Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімшесінде орталық және шеткі перифериялық жүйке жүйесінің түрлі ауруларына шалдыққан балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі: эпилепсия, церебральды сал ауруы (ДЦП), даму кідірісі, нейроинфекциялар, бас-ми жарақаттарының салдары, жүйке – бұлшық ет аурулары, невроздар т.б.. Бөлімшенің негізгі мақсаты – жүйке жүйесі ауруларын ерте анықтау, тиімді емдеу, асқынулардың алдын алу және келешекте кішкентай пациенттердің қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Неврология бөлімшесінде кешенді емдеу тәсілдері қолданылады, оның ішінде медикаментозды дәрілік терапия, физиотерапия, емдік денешынықтыру, массаж, психологиялық қолдау т.б. Әрбір балаға жеке көзқарас қалыптастырылып, диагноз заманауи зерттеу әдістері арқылы нақтыланады (КТ,МРТ,электроэнцефалография т.б.).
Бөлімше меңгерушісі А.Т. Есқали, аға мейірбикесі Л.Ж. Карибекова бастаған ұжым әр баланың болашағы үшін күресіп, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға күш – қуатын аямай медициналық қызмет көрсетуде.
