You are currently viewing Балалардағы тимпанопластика: есту қабілетін ұқыпты қалпына келтіру
[:ru]Screenshot[:]

Балалардағы тимпанопластика: есту қабілетін ұқыпты қалпына келтіру

Жиі қайталанатын отит, созылмалы құлақ аурулары немесе кездейсоқ жарақаттар өте күрделі мәселеге — дабыл жарғағының перфорациясына (тесілуіне) әкеп соғуы мүмкін. Соның салдарынан баланың есту қабілеті нашарлап, ал құлағына  үнемі инфекция түсіп тұрады. Бұл жағдайдың   шешу жолы – жоғары технологиялық микрохирургиялық  «тимпанопластика» отасын  жасау. Отаның басты мақсаты —  дабыл жарғағындағы тесікті «жабу», құлақтың анатомиясын қалпына келтіру және балаға анық есту қабілетін қайтару. Балаға тимпанопластика келесі жағдайларда қажет: созылмалы іріңді ортаңғы отит, дабыл жарғағында өзінен-өзі бітелмейтін тұрақты тесіктің болуы, есту қабілетінің үдемелі төмендеуі.

Тимпанопластика отасы наркозбен жасалады. Хирург-оториноларинголог операциялық микроскоп арқылы «зергерлік» дәлдікпен жұмыс істейді. Жарғақтағы тесікті жабу үшін баланың өз тіндері  қолданылады, олар денеге өте жақсы сіңіп, тез бітіп кетеді.

Қалпына келу кезеңі шамамен бір айға созылады және бұл уақытта ата-ананың жауапкершілігі өте қажет: құлаққа бірде-бір тамшы су кірмеуі тиіс, кем дегенде 2–3 ай бойы ұшақпен сапарлауға мүлдем болмайды. Қатты қысым жаңадан жасалған жарғақты орнынан жылжытып жіберуі мүмкін. Мұрынды қатты тартуға (сіңбіруге) болмайды! Алғашқы 3–4 айда спорт пен белсенді ойындарды толықтай тоқтату қажет. Тимпанопластика отасын уақытылы жасату баланы сөйлеу және психоэмоционалдық  дамудың тежелуінен қорғайды. Себебі айналаны анық есту — баланың дұрыс өсіп-жетілуі үшін ең басты қажеттілік!