Педиатриялық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейіндегі аймақтағы ең ірі медициналық мекеме ретінде біздің аурухананың дәрігерлері ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жуырда мобильді дәрігерлік бригаданың Әйтекеби ауданына кезекті іссапары өтті. Дәрігерлер командасының құрамында облыстың жетекші мамандары болды: облыстың бас штаттан тыс балалар кардиологы А. А. Ботбаева, невролог А. К. Қыдырғали, гематолог М. Н. Тимиргалиева. Сапар барысында дәрігерлер 107 баланы қарап-тексерді. Тексеру қорытындысы және анықталған патологиялардың құрылымы төмендегідей: неврологпен 51 бала қаралып, 10 жүйке жүйесінің патологиясы анықталды. Кардиологпен 26 бала қаралып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларымен 6 бала анықталды.
Гематологпен 30 бала қаралып, 28 гематологиялық патологиясы бар балалар анықталды, оның басым көпшілігі «теміртапшылық анемияға» шалдыққан пациенттер.
Ауруы анықталған барлық пациенттер біздің аурухананың тәулік бойғы стационары мен консультативтік — диагностикалық бөлімшесінің базасында тереңдетілген тексеруден өтуге және емделуге жолдама алды.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының мамандары облыстың аудан орталықтарына тұрақты түрде шығып тұрады. Бұл жұмыстың басты мақсаты — ауылдық жердегі әрбір баланың, қаладан қаншалықты қашық орналасқанына қарамастан, облыстық деңгейдегі тәжірибелі мамандардың мамандандырылған медициналық көмегін дер кезінде алуын қамтамасыз ету.
