Вы сейчас просматриваете Univercity Medical Center

Univercity Medical Center

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының кеңес- беру — диагностикалық бөлімшесінде 6-7 маусым күндері ,, Univercity Medical Center » корпоративтік қорының ,, Ана мен бала » Ұлттық ғылыми орталығының мамандары қабылдау жүргізді: клиникалық академиялық балалар хирургиясы департаментінің урологы А.А.Мирманов, педиатрия департаментінің неврологі А.Д.Естибаева, гастроэнтерологі Г.С.Калиакпарова, онкология департаментінің гематологі Б.Б.Умирбекова.

Өңірлерге тәжірибелік және әдістемелік қолдау шаралары шеңберінде келген астаналық дәрігерлермен 2 күнде 184 кішкентай пациенттер қабылданып, көмек көрсетілді.

Ауыр урологиялық, неврологиялық, гематологиялық , гастроэнтерологиялық науқастарға шалдыққан 15 баланың мемлекеттік квотамен Астана қаласына жолданылуы жоспарланды: оның ішінде 1 бала гемопоэтикалық жасушалардың трансплантациясы бойынша отаға, 8 бала ауыр туа біткен урологиялық ақаулар бойынша отаға жолданды.

Ұлттық «Ана мен бала» орталығы басшылығына және мамандарына, оның ішінде еңбек жолдарын біздің балалар ауруханасында бастаған, мақтан тұтатын жерлестеріміз, «Болашақ» бағдарламасының түлегі А.Мирмановқа, Б.Умирбековаға, балалар денсаулығын қорғау жолындағы еңбектеріне ризашылығымызді білдіреміз.