Облыстық балалар клиникалық ауруханасында өңір басшысына жан сақтау бөліміндегі бес баланың жағдайы туралы баяндалды. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда.
Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алуда.
Балалардың ата-аналарымен кездескен өңір басшысы зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетілетінін және олардың жағдайы тәулік бойы бақылауда екенін жеткізді. Олар жатқан аурухана барлық қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау басқармасының басшылығына балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.