You are currently viewing 2024 жылы Ақтөбе облысында бірқатар медициналық ғимарат күрделі жөндеуден өтеді

2024 жылы Ақтөбе облысында бірқатар медициналық ғимарат күрделі жөндеуден өтеді

Өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығында орналасқан медициналық нысандарды аралап шықты. №2 қалалық емхана, медициналық колледждің паллиавтивтік көмек көрсету орталығы, көпсалалы облыстық аурухана және «Аяла» балаларды сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.

Батыс-2 ықшам ауданындағы «Аяла» балаларды оңалту орталығы жылына 2000-нан астам балаға медициналық көмек көрсетеді. Ауыр неврологиялық ақаулары бар, эпилепсия, даун синдромымен ауыратын, күрделі кардиохирургиялық және ортопедиялық операциядан кейін оңалтуды қажет ететін науқастар ем алады. Облыс әкімі балаларға көрсетілетін медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, ата-аналарға қолжетімді ету, дәрігерлердің қызметін жетілдіру, ең бастысы профилактикалық медицинаны дамыту шараларын басты назарда ұстау керектігін айтты.