You are currently viewing 16.02.2024

16.02.2024

16.02.2024 жылы ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК-ның мәжіліс залында медициналық қызметкерлер арасында алаяқтық қылмыстарынан қорғану, оның алдын алу мақсатында №1 Ақтөбе қаласының полиция бөлімінің орынбасары К.Адайбаев және тергеуші Ж.Зинолин тарапынан ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желі мен мессенджерлерде инвестиция, трейдинг бағытында жылдам табысқа түсіретін кірістерді жарнамалайтын, банктерден өздерін банк қызметкерлері болып таныстыра отырып телефон соғу арқылы арбауға түсіретін, интернет магазиндер арқылы тауарларды сатып алуда алдын ала төлемді жүргізуді талап ететін және т.б. жолдармен пайда көздейтін алаяқтарға алданып қалмауды, сондай-ақ, оларға кезіккен жағдайда қандай іс әрекеттерді жүргізу қажеттілігі түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарының соңында полиция өкілдері тарапынан медициналық қызметкерлерге алаяқтардан қорғану жөніндегі арнайы брошюралар таратылды.