14.05.2022ж. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю.Дудниктің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары облыстық «Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығында» жалғасты. Вице-министр орталықтың «Қамқорлық» оңалту орталығын аралап оның жұмысымен танысты. Мұндағы амбулаториялық оңалтуды қаржыландыру жөнін талқылады. Госпиталды фармация, науқас баларды қабылдау бөлімдерін, сол маңдағы палаталарды аралап болған соң В.Ю.Дудник бірыңғай ота бөлімдерінің жұмысымен танысты. Кардиохирург, кардиоревматолог әріптестерімен пікір алмасты, өз кезегінде жергілікті мамандар облыстық балалар кардиохирургия орталығының мәртебесін Батыс Қазақстан аймақтық деңгейіне көтеру жайын ұсыныс етті. Вице-министр онкогемотология ғимаратын аралап болған соң бұл сала бойынша өз кеңесін айты. Жансақтау бөліміндегі балаларды қарап шыққан соң В.Ю.Дудник 2021 жылдың қортындысы бойынша стационарлық аурухананың жұмыс ауқымын, оның ішінде хиургия, педиатрия, кардиохиругия және тағы басқа да профильдер бойынша қанша баланың «Д» есепте тұрғанын сұрады.Аурухана дәрігерлері мен медбикелерінің еңбек ақысы, аурухананың қосымша қаржыландыруы, дәрі- дәрмекпен қамтылуы туралы әріптестер өз ара пкірі алмасты. Сонымен қатар вице-министр «Ана мен бала денсаулығын қорғау» орталығының материалдық техникалық базасын жаңарту мен жаңғырту, толықтыру, мамандардың кәсіби біліктіліктін арттыру жайы, аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары жайында да сөз қозғады.
Вице-министрдің Ақтөбе облысындағы медициналық ұйымдардың жұмысымен танысу барысындағы делегация құрамында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Қ.Исаев бастаған жауапты тұлғалар болды.