You are currently viewing 01.10.2024

01.10.2024

Алтын күздің аясында бар күш-жігері мен білімін өз халқына арнаған, денсаулығы мен жастығын балаларға арнаған қызметкерлерімізді салтанатты түрде құттықтағымыз келеді! Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының ұжымы өз зейнеткерлерін ұмытпайды. Бүгін, қарттар күніне орай, кәсіподақ ұйымы өз зейнеткерлерін құттықтады. Біздің ауруханамызда көп жылдар бойы Каракулов С.А., Умаров А.С., Кулунтаева С.С., Туякбаев А.М., Кадралиева С.Ж., Харченко Л.В. секілді дәрігерлер мен медбикелер еңбек етті. Барлығына кәсіподақ ұйымы атынан азық-түлікпен кондитерлік өнімге сертификат табысталды. Сонымен қатар аурухана үшін әлі күнге дейін қызмет етіп жатқан еңбегі сіңген зейнеткерлеріміз де назардан тыс қалмады. Оларға да құттықтау сертификаттары табысталды. Көптеген жылы құттықтау сөздер айтылды, ұжымның олардың еңбегін құрметтейтіні мен ұмытпайтынына дән риза болды.
Құрметпен, кәсіподақ ұйымының төрайымы Андреева Е.А.