Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, балалар денсаулығын қорғау жолындағы еңбектеріңізге ризашылығын білдіреді және зор денсаулық, қажымас қайрат, отбастарыңызға береке – бірлік тілейді.
Кеше көпсалалы облыстық балалар ауруханасында халықаралық «Медицина қызметкері күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Салтанатты шараны аурухананың бас дәрігері Кожин Нұрлан Нұрқасынұлы құттықтау сөзімен ашып, балалар ауруханасының қызметкерлеріне мерекелік марапаттарын табыстады: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен «жақ – бет хирургиясы» бөлімшесінің меңгерушісі Ш.А.Тлеужанова марапатталды, облыс әкімінің алғыс хатымен кардиохирургия бөлімшесінің анестезиолог – реаниматолог дәрігері Г.Ж. Байниязова марапатталды, «Шапағат» медицина қызметкерлері және тәуелсіз сарапшыларының қоғамдық ұйымының «денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі үшін» төс белгісімен дәрігер хирург К.К.Суюнгарин, анестезиолог – реаниматолог Ж.С. Абдикаликов, «Мейірімді жан» төсбелгісімен мейірбикелер Л.М.Шамгонова, С. М. Неталина, Г.К.Джурумова марапатталды. Сонымер қатар, үздік қызметкерлерге Астана ауданы әкімдігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «Қамқор» медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының, балалар ауруханасының бас дәрігерінің алғыс хаттары табысталды.
Аурухана қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл – күй, қуаныш сыйлаған салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.