You are currently viewing ЦОМИДте ЭПИЛЕПСИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ЦОМИДте ЭПИЛЕПСИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

21 және 22 желтоқсанда Ана мен баланы қорғау орталығының базасында «Эпилепсияның фармакорезистентті формасын емдеу және диагностикалау» тақырыбында дәрігерлерге арналған семинар өтеді. Семинар Астана қаласы Ұлттық нейрохирургия орталығының қатысуымен Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Дәріскер — дәрігер эпилептолог Г.С. Ибатова. Семинарға неврологтар, нейрохирургтар, педиатрлар, ЖПД дәрігерлері қатысты.