2022 жылдың 5-ші сәуірінде «Халықаралық балалар кітабы» күні қарсаңында С.Бәйішев атындағы облыстық әмббебап ғылыми кітапханасы және Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Ана мен бала денсаулығын қорғау» орталығының «Аяла» филиалында ем қабылдап жатқан балаларды кітап оқуға баулу, ұлттық, әсемдік тәрбие беру мақсатындағы іс шараны өткізді. Сонымен қатар тәрбиелік шара соңында балаларға арналған әр түрлі тақырыптағы көркем шығғармалар, қолдан жасалынған тоқыма өнерінің түрлері, ұлттық нақыштағы қол өнер бұйымдары, балаларға керемет қуаныш сыйлайтын матаға сурет сату техникасымен салынған «Маша және аю» ертегісінің портреті естелік ретінде ұсынылды. Балаларға қуаныш сыйлау жолында көрсетіліп жатқан «қайырымдылық іске «Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының ұжымы шын жүректен өз алғыстарын білдіреді!
