Облыстық семинар: «иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар»
Үстіміздегі жылдың 26-шы тамызында көпсалалалы облыстық балалар ауруханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасымен Ақтөбе облысының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің біріккен бұйрығымен «иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысына денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жұмысы бойынша орынбасары А.Қ.Аманжулова және облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары И.А.Аяғанова қатысты. Семинарға облыстың барлық емдеу – профилактикалық ұйымдарының алдын – ала екпелер жұмысына жауапты мамандары қатысып, санитарлық – эпидемиологиялық департаментінің инфекциялық және паразитарлық бөлімінің басшысы Г.А.Жұбаеваның иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар туралы баяндамасынан кейін тақырып бойынша тестілеуден өтті.








