You are currently viewing Менингококты инфекция бойынша оқыту семинары

Менингококты инфекция бойынша оқыту семинары

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында кезекті оқыту семинары өткізілді.
М.Оспанов атындағы БҚМУ инфекциялық аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к., облыстың бас балалар инфекционисті Ж.С.Умарова ,, Менингококты инфекция. Диагностика, клиникалық ағымы және емдеу тәсілдері» тақырыбына дәрігерлерге оқыту өткізіп, бұл инфекцияның асқынуларының балалар үшін өте қауіпті екенін мәлімдеді.

Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын инфекциялық ауру

Семинарға аурухананың педиатр, хирург, нейрохирург, реаниматолог, невролог мамандары қатысып менингококты инфекцияға қатысты толық ақпарат алды.