Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 200 ден астам орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда. Медицина ұйымында балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында, жылдық жоспарға сәйкес, ай сайын мейірбикелерге арналған конференциялар өткізіліп тұрады.
19 маусымда өткізілген кезекті мейірбикелік конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11.08.2020 жылғы N 96 ,,Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық — эпидемиологиялық талаптар» бұйрығына сәйкес ауруханада сан- эпид қағидаларының қатаң сақталуы және орындалуы және 21.10.2020 жылғы N137 ,,ВИЧ — инфекциясының алдын алу шараларының өткізу талаптарын бекіту » бұйрықтары талқыланды.
320 керуеттік облыстық балалар ауруханасына жылына 100 мыңнан астам науқас балалар жүгініп, 5 мыңнан астам хирургиялық оталар жасалады. Оның ішінде жоғарытехнологиялы кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, урологиялық т.б оталар. Сондықтан, ауруханаішілік инфекциялардың алдын — алу шараларының басты жолдарының бірі — санитарлық — эпидемиологиялық қағидаларды қатаң ұстану. ,,ВИЧ » инфекциясының алдын — алу шараларыда медицина қызметкерлерінің алдында тұрған өзекті мәселе.








