Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жақ- бет хирургиясы бөлімшесі 2024 жылдың қаңтар айынан бастап ашылды. Бүгінгі күні еліміздің Батыс өңіріндегі жалғыз арнайы жақ- бет бөлімшесі. 22 керуеттіқ бөлімше заманауи инновациялық медициналық құрылғылармен жабдықталып, жақ — бет аумағының туа біткен ақаулары, қабынуы, жарақаты бар кішкентай пациенттерімізге жоғарымамандандырылған хирургиялық көмек көрсетуде.
2024 жылы балаларға 1180 операция жасалып, оның 843 отасы шұғыл медициналық көмек шеңберінде өткізілді.
Оталар ішінде басым көпшілігі кариестің салдарынан пайда болған асқынулар: одонтогенді флегмоналарды ашу 201 жағдай, периостомия 291 жағдай т.б.
Сонымен қатар, жақ- бет хирургтарымен 300-н астам туа біткен жақ- бет ақауы, ауыр жарақаты бар пациенттерге жоғарытехнологиялық күрделі операциялар өткізілді: уранопластика, хейлопластика, френулопластика, цистостомия, цистоэктомия т.б
Соның ішінде, өткен жылы Батыс өңірінде бірінші рет жақ — бет хирургтары А.Б.Салимов және А.А.Жұбанов жақ- бет аймағының күрделі жарақатынан пайда болған сүйек сынықтарының репозициясын жасау бойынша жоғарытехнологиялық ,, Остеосинтез» отасын өткізді.
Бөлімшеде 3 хирург, 5 мейірбике қызмет көрсетуде: бөлімше меңгерушісі — жақ- бет хирургі Ш.А.Тлеужанова, аға мейірбикесі — Ш.К.Каирова.






