Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің «облыстық балалар ауруханаларын реновациялау» туралы «Жол картасының» басым бағыттарының бірі — балаларға көрсетілетін кардиохирургиялық көмектің сапасын арттыру, кардиохирургия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайту және мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.Бүгінгі таңда аурухананың кардиохирургия бөлімшесі батыс өңірінде балаларға кардиохирургиялық көмек көрсететін жалғыз мамандандырылған бөлімше. 2025 жылы мастер-жоспар аясында кардиохирургиялық керуеттер 8-ден 16-ға дейін, ал кардиореанимациялық — 3-тен 10-ға дейін кеңейтілді. Бөлімшенің медициналық жабдықтар паркін жаңғырту жұмыстарыда жүргізілуде: Ақтөбе облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен бөлген 547 млн. теңге қаражатқа өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары, жасанды қан айналымы аппараттары (ЖҚА), сараптамалық деңгейдегі УДЗ аппараттары және т.б. сатып алынды. Жақын арада осы бөлімше негізінде Батыс өңірі мен Қызылорда, Қостанай облыстарының балаларына арналған «Өңірлік кардиохирургиялық орталық» ашу жоспарлануда.
Балаларға көрсетілетін кардиохирургиялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру шараларыда жалғасуда. 3-4 сәуірде Ақтөбе қаласының көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында «Heart Center Foundation» қоғамдық қоры «Туа біткен жүрек ақаулары бойынша пациенттер мектебі» білім беру жобасы аясында ұйымдастырған «University Medical Center» Ұлттық жүрек орталығының жетекші балалар кардиологтары мен кардиохирургтарының қатысуымен көшпелі клиникалық-білім беру сессиясы сәтті аяқталды. Сессия аясында Ақтөбелік балалар кардиохирургтарымен бірлесіп, 13 кішкентай пациентке, оның ішінде 1 жасқа дейінгі 5 нәрестеге, туа біткен жүрек ақауларын түзету бойынша жоғарытехнологиялық оталар жасалды (3 операция – ашық жүрекке, 10 операция – эндоваскулярлық әдіспен). Пациенттер арасында көршілес облыстардан (Атырау, Орал қалалары) екі бала жолданған, шалғай аудандардан 3 бала (Мұғалжар, Байғанин, Қобда аудандары), 8 бала қалалық медицина ұйымдарымен жолданған.
Бұл балалар дер кезінде кардиохирургиялық түзетуді талап ететін жүрек-қантамыр жүйесінің өте ауыр ақаулары бар пациенттер болатын. Бүгінгі таңда кішкентай пациенттеріміздің жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезеңде кардиореанимация бөлімшесінде бақылау үстінде.
Аурухананың кеңес – беру – диагностикалық бөлімшесінде 22 балаға консультативтік көмек көрсетілді. Қабылданған балалар ішінде 17 -і аудандық ауруханалармен жолданған.
Сонымен қатар, кардиологтар, реаниматолог-анестезиологтар және педиатрлар үшін ауқымды білім беру бағдарламасы өткізілді: ҚР бас балалар кардиологы Т.В. Иванова-Разумова балалар кардиологиясының өзекті мәселелері бойынша дәрістер циклін оқып, эхокардиография бойынша оқыту шеберлік сабағын өткізілді. «Пациенттер мектебі» жобасы аясында дәрігерлер ата-аналармен кездесіп, оларды мазалаған диагностика, хирургиялық түзету, оңалту және т.б. сұрақтар бойынша толық ақпарат берді. Кездесу барысында балалардың ата-аналары мен медицина қызметкерлері осы клиникалық-білім беру сессиясын іске асырғаны үшін «Heart Center Foundation» қоғамдық қорына және «University Medical Center» Ұлттық жүрек орталығының жетекші мамандарына:балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР бас балалар кардиохирургы Д.В. Горбуновқа, педиатрия КАД директоры, ҚР бас балалар кардиологы Т.В. Иванова-Разумоваға, кардиолог Әйкерім Жанатқызына, кардиоанестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Г.К. Бесбаеваға, дәрігер-перфузиолог Л.Р. Фаизовқа, интервенциялық кардиолог Е.Б. Отарбаевқа шынайы алғыстарын білдірді.
