You are currently viewing Дәрігерлердің білімін жетілдіру  циклы

Дәрігерлердің білімін жетілдіру циклы

Үстіміздегі жылдың 02 – 13 қазан аралығында  көпсалалы облыстық балалар ауруханасының «Аяла» балалар оңалту орталығында  М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң неврология кафедрасымен «Туа біткен жүйке – бұлшықет ауруларына шалдыққан балаларды ерте анықтау,  емдеу және  тиімділігін бақылау» атты дәрігерлердің білімін жетілдіру циклы өткізілді.  Екі жетіге созылған оқу барысында Батыс Қазақстан өңірінен  жиналған невролог, жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр мамандарына университеттің «неврология, психиатрия және наркология» кафедрасының меңгерушісі,  PhD докторы, облыстың  штаттан тыс  бас балалар неврологі Аяғанов Дінмұхамед Нұрниязұлымен  кең ауқымды  дәрістер ұсынылды. Оның ішінде, туа біткен жүйке – бұлшықет ауруларына («Дюшена ауруы», «Томпсона ауруы», «жұлын – бұлшықет атрофиясы») шалдыққан балаларды тиімді емдеу және  оңалту емінің  халықаралық заманауи тәсілдерін қолдану сұрақтары тереңнен оқытылды.  Сонымен қатар, цикл шеңберінде «Электромиография және нейромиография зерттеуі» бойынша тәжірибелік сынып өткізіліп,  пациенттердің  ауру тарихының клиникалық талдауы өткізілді.