,,Балаларды қорғау күніне» халықаралық конкурстардың лауреаты ,, Алақай» қуыршақтар театрінің және оңалту бөлімшесі ұжымының мерекелік тартуы

Бүгін «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының» оңалту бөлімінде 1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өткізілді.
Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» тақырыбындағы шараға көптеген Халықаралық фестивальдің лауреаты мен дипломанты Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының» актерлері келіп, өздерінің тамаша қойылымдарымен балаларға мерекелік қуаныш сыйлады. Мерекелік шара соңында балаларға сыйлық таратылды.

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ұжымы театр әртістерімен басшылығына үлкен ризашылығын білдіре отыра, жаңа щыңдармен шығармашылық табыстар тілейді!