Вы сейчас просматриваете IV Ұлттық ,, Қазақстан халқына» қайырымдылық конференциясы.

IV Ұлттық ,, Қазақстан халқына» қайырымдылық конференциясы.

Үстіміздегі жылдың 25 -ші қыркүйегінде Қызылорда қаласында «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» атты IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті. Конференцияға нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Ақтөбе облысының бас балалар нейрохирургі, С.С.Көкшібаев қатысты. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайын өңірлермен, ірі бизнес субъектілерімен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізіп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған. Бүгінгі күні, еліміздің медицина саласымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тығыз әріптестік байланыс орнатып, көптеген жобалар іске асырылуда. 2024 жылы Қор қаржысынан Қазақстан Республикасының барлық облыстық балалар ауруханаларына аса құнды нейрохирургиялық құрылғылар қондырылып, өңірлерде жоғарытехнологиялық бас миына жасалатын күрделі операцияларды өткізуге мүмкіндіктер кеңейтілді. Келесі жылыда ,,Қазақстан халқына» қоры медицина саласындағы жобаларға 2 млрд.600 млн тг бөлуді жоспарлауда. Конференция аясында ҚР бас балалар нейрохирургі Г.И.Оленбай бастаған облыстардың балалар нейрохирургтары бас қосып, саланың әрі қарай даму мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының бас балалар нейрохирургі Ш.Оразмаханұлы өңірдегі балалар нейрохирургиясы қызметінің жетістіктерімен таныстырып, жоспарларын айтып өтті. Конференция соңында мамандар ,, Қазақстан Халқына» Қоры өкілдеріне, балалар денсаулығын сақтау жолындағы қызметтеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы уақыттада медицина саласының техникалық нығайту шараларына үлесін қосатындығына сенім білдірді.