You are currently viewing Ата — аналарга маңызды ақпарат: крипторхизм — ұл балалардың жиі кездесетін туа біткен аномалиясы

Ата — аналарга маңызды ақпарат: крипторхизм — ұл балалардың жиі кездесетін туа біткен аномалиясы

Крипторхизм — бір немесе екі ендіктің  (яички) төмен түспеуі,  грек тілінен аударғанда «жасырын ендік» дегенді білдіреді. Қалыпты жағдайда жүктілік кезінде ендіктер нәрестенің ішінде қалыптасадыда, туылған сәтке қарай ұмаға (мошонка) түседі. Крипторхизм — бір немесе екі ендіктің де іште немесе шап өзегінде тұрып қалуы. Бұл ұл балаларда  жиі кездесетін туа біткен аномалиялардың бірі.   Іште «тұрып қалған»  ендіктер жоғары  температураға байланысты  «қызып кетіп» (перегрев), болашақта бала сүюге жауапты жасушаларды зақымдайды.

Егер ендіктер 12 айға дейін өздігінен ұмаға түспесе,  орхипексия  отасын жасау қажет. 3 — 7 жасқа дейін күтуге мүлдем болмайды — бұл есейгенде  асқынулар қаупіне тікелей жол ашады.

Бұрын мұндай балаларды жалпы хирургтар тексеріп, ота жасайтын. Бүгінде бәрі өзгерді: жоғары технологиялық урологиялық көмек енді тікелей біздің облысымызда қолжетімді.

Соңғы 2 жылда біздің мамандарымыз еліміздің бас флагманы — Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында мықты дайындықтан өтті. Енді балаларға Елордаға барудың қажеттілігісіз-ақ, хирург-урологтардың уақтылы көмегі қолжетімді. Осы жылдың өткен кезеңінде крипторхизмы бар кішкентай пациенттерге 56 ота жасалды. Оталарды ауруханамыздың хирург-урологы, М.Оспанов атындағы БҚМУ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті Қайрат Қамбарұлы Жалмұханбетов жүргізді.

Ата-аналарға жадынама! Ұлыңызды жылы суға шомылдырған кезде (бұл бұлшықеттерді босаңсытады), ұманы ақырын сипап тексеріп көріңіз. Егер ол бір жағынан бос болып көрінсе, ассимметриялы болса немесе күмәндансаңыз — уақыт жоғалтпаңыз. Балалар урологына жүгініңіз. Біз уақытында қалай көмектесу керектігін білеміз.