Вы сейчас просматриваете Мекеме басшысының кезекті ата — аналарды қабылдауы

Мекеме басшысының кезекті ата — аналарды қабылдауы

10 жетоқсан күні мекеме басшысы Н.Кожин кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді. Нұрлан Нұрқасынұлының қабылдауына жүгінген 6 ата — ананың сұрақтары мұқият тыңдалып, егжей — тегжей жауап берілді. Барлық ата — аналардың сұрақтары облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан балаларының денсаулығына қатысты болды.

Оның ішінде 2 ата — ана балаларының хирургиялық отадан кейінгі жағдайларын, операция нәтижесін анықтап, хирургия бөлімшесінің мамандарына өз ризашылығын білдірді. Қабылдау аурухананың 1 қабатында орналасқан “Науқастарды қолдау” кабинетінде жүргізілді (орталық кіреберіс). Барлық жүгінушілердің аты- жөні, байланыс телефондары қабылдаудың тіркеу дәптері енгізіліп, әрі қарай бақылауда ұстау ,, Пациенттерді қолдау және Ішкі бақылау» қызметі бойынша орынбасары Г.Джапаховаға тапсырылды.