Вы сейчас просматриваете Мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту шараларын дамыту: Ұлттық балалар оңалту орталығының ұйымдастыру — әдістемелік көмегі

Мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту шараларын дамыту: Ұлттық балалар оңалту орталығының ұйымдастыру — әдістемелік көмегі

Үстіміздегі жылдың 13 -ші қарашасында Ақтөбе облысына Астана қаласының «Ұлттық балалар оңалту орталығының» психоневрологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, балалар неврологі А.К.Сатпаева келіп, облыстың бір қатар медициналық орталықтарындағы реабилитациялық көмек деңгейімен, даму қарқынымен танысты. Іс – сапар ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен жыл сайынғы өңірлерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету шеңберінде ұйымдастырылған.Облыстық балалар ауруханасыныңда Аида Қалиқызы амбулаторлық оңалту бөлімшесін және тәулік бойы оңалту ауруханасын аралап, жұмыс барысымен танысты. Балаларға көрсетілетін реабилитациялық қызмет түрлеріне, жабдықталу деңгейіне, мамандармен қамтылу деңгейіне тәнті болды.
Іс – сапар шеңберінде облыстың денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің басшысы А.М.Шарбақованың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, облыстың бас балалар реабилитологі Б.Ш.Исаеваның облыстағы мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегін көрсету қызметінің деңгейі, өзекті мәселелерімен және әрі қарай даму жолдары туралы есебі тыңдалып, мамандармен талқыланды. Сонымен қатар, облыстың реабилитолог, невролог, педиатр мамандарына оқыту семинарлары өткізіліп, дәрігерлер Ұлттық оңалту орталығындағы «сал ауруына» шалдыққан балаларға заманауи оңалту тәсілдерін қолдану тәжірибесімен танысты.