Вы сейчас просматриваете Ақтөбе облысы полиция департаментінің ,, Киберқылмыстыққа қарсы тұру» басқармасының жедел уәкілімен кездесу

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ,, Киберқылмыстыққа қарсы тұру» басқармасының жедел уәкілімен кездесу

3 қыркүйекте көпсалалы облыстық балалар ауруханасында Ақтөбе облысы полиция департаментінің мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты — интернет — алаяқтық қылмыстарының өсуіне байланысты, аурухана қызметкерлерінің, пациенттердің және олардың отбастарының, туыстарының киберсауаттылығын арттыру. Департаменттің ,,, киберқылмыстыққа қарсы тұру » басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жәнібек Асылбекұлы интернет — алаяқтық қылмыстарының түрлері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, полиция департаментінің уәкілі кездесуге жиналған медицина қызметкерлеріне интернет қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертті. Кездесу өте тиімді өтіп, аурухана қызметкерлері өздерінің сұрақтарына Жәнібек Асылбекұлынан егжей — тегжей жауап алды.