«Қамқорлық» амбулаторлық оңалту бөлімшесінде ,,Самұрық — Қазына Траст»» қорының бастамасымен өткізіліп жатырған Республикалық ,, Тұсаукесер» акциясының шеңберінде қазақ халқының атаулы мерекесі – «Амал» мерекесімен қатар «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді.
Оңалту бөлімінде ем алушы кішкентай бүлдіршіндеріміз – Кужимова Тоғжан мен Нұрмұхаммед Марлен алған емдерінің нәтижесінде алғашқы қадам жасауға талпынып, ата — аналары ырымдап, «баламыз тез жүріп кетсін» деген ниетпен балапандарына тұсауын кесу рәсімін жасатты.
Бұл салтанатты рәсімге еліміздің құрметті азаматтары – «Казахойл Ақтөбе» АҚ бас директоры Сойюнов Нұрсейіт Жомартұлы және «Қазақ — Түрік мұнай» департаментінің директоры Танатов Қазім Болатұлы қатысып, бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, естелікке бағалы сыйлықтар сыйлап, балапандарымызды үлкен қуанышқа бөледі.