Вы сейчас просматриваете Қазақстандық бала дәрігерлерінің Х — Сьезі

Қазақстандық бала дәрігерлерінің Х — Сьезі

Қазан айының 17-18 күндері Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму болашағы» атты Қазақстандық бала дәрігерлерінің Х – Съезі өтті. Дәстүр бойынша төрт жылда бір рет өткізілетін еліміздің педиатрия саласындағы бала дәрігерлерінің мерейтойлық Х – Съезін ҚР денсаулық сақтау министрлігі, республикалық «педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы», С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қазақстанның «Педиатрлар одағы» ұйымдастырды. Съездің салтанатты ашылуына қатысқан ҚР денсаулық сақтау министрі А.Ш.Альназарова бала денсаулығын қорғау мемлекет саясатының басты бағытының бірі екендігін айтып, халықаралық конференцияға шет елдерден, басқа өңірлерден келген медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, конференция жұмысының сәтті өтуіне тілек білдірді.
Екі күнге созылған Съезд күндері 120 ғылыми – тәжірибелік баяндама оқылып, 12 хирургиялық тәжірибелік сыныптар өткізілді. Конференцияда педиатрия саласының өзекті мәселелері, оның ішінде балалар арасындағы хирургиялық, онкологиялық, генетикалық, нефрологиялық, урологиялық науқастардың заманауи анықтау және емдеу стратегияларына аса назар аударылып,  талқыланды.