Республика күні мемлекеттік мейрамын Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының ұжымы биыл ерекше мерекеледі. Салтанатты жиында 25 қазан тұсында зейнет жасына жеткен ұжым мүшелері, 50,60 жасқа шыққан мамандар мен қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Бұл салтанатты жиында осы жылы жас маман ретінде аурухана ұжымын толықтырған жастарға да лайықты сый-ықылас жасалды. Осылайша, салтанатты жиын жаңаша сипатта, көтеріңкі көңіл күйде ұйымдастырылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымы мен аурухана әкімшілігі Республика күнінің мағыналы да мәнді болуына ерекше назар аударған. Бұл мереке шын мәнінде ұжымдық сипатқа ие болды. Әсем әуен, қуанышты құттықтаулар кеш көрігін қыздыра түсті. Марапат иелеріне құшақ-құшақ гүл шоғы мен естеліктер табыс етілді.