Вы сейчас просматриваете 24.11.2022

24.11.2022

Оңалту емінің маңызды бағыттарының бірі – педагогикалық түзету. Бүгінгі таңда «Аяла» балалар оңалту орталығында 20-ға жуық арнаулы мамандар қызмет етуде. Олардың басым көпшілігі Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің түлектері.  Осы орайда, 2022 жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Бүгінгі таңда орталығымыз практика базасы ретінде танылып, алдағы жарты-жылдықта логопед, дефектолог,  психолог мамандары тәжірибелік өндірістік практикадан өту жоспарлануда.
2022 жылдың 24-ші қараша күні Құдайберген Жұбанов университетінде өткізілген «Психология» кафедрасының Халықаралық акредитациялау шарасына меморандум аясында орталықтың бас педагогі  Жолдыбаева Нұргүл Қалдыбайқызы қатысып,педагогика ғылымдарының докторы Туребаева Клара Жаманбайқызы және «Аяла» оңалту ораталығының «Клиникалық» базасында студенттердің практикалық дәрісіне  жауапты маман магистр Тулепова Жанаргүл Ақзатқызымен алдағы уақытта серіктестікті нығайту мақсатындағы жұмыстарды жоспарлады.