Ағымдағы жылдың 14-ші қарашасы күні «Ана мен бала қорғау орталығының «Аяла» филиалында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Аяла» КМҚК -ның бір топ мамандары, бас дәрігер А. А.Қабрахимова, оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Ж.С. Асқарова және шаруашылық басшысы А.Қ. Қалдарбекова орталығымызға іс-сапармен келіп, орталықтың жұмыстарымен таныс болды. Таныстыру барысында әріптестеріміз оңалту жұмыстарының негізгі бағыттары, медициналық және психологиялық- педагогикалық түзету — кинезиотерапия, массаж, физиотерапия, галотерапия, гидрокинезиотерапия және эрготерапевт, психолог, логопед, дефектолог, агротерапевт; монтессори-педагог мамандарының жұмыстарымен тәжірибе алмасып, заманауи тұрғыдағы инновациялық оңалту жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар орталықтың шаруалық бөлімінің меңгерушісі П.Н. Махмудов орталық ғимаратының электр, су жылыту жүйелерінің жұмысымен бөлісті. Іс-сапар соңында әріптестеріміз өзара пікір алмасып, алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да екі жақты тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауды ниет етті.
