Вы сейчас просматриваете Құқық қорғау органдарының интернет алаяқтығы туралы мәжілісі

Құқық қорғау органдарының интернет алаяқтығы туралы мәжілісі

Құқық қорғау органдарының интернет алаяқтығы туралы мәжілісі
31 наурыз күні Ақтөбе қалалық прокуратурасының «сотка дейінгі тергеуді тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлім» прокуроры Тайқаров Арман Бауыржанұлы көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен кездесіп мәжіліс өткізді. Мәжіліс барысында Арман Бауржанұлы елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өсіп, жыл басынан бері қылмыстың осы түріне қатысты Республика бойынша мыңдаған іс анықталғанын жеткізді. Құқық қорғау органдары интернет алаяқтыққа қарсы қандай іс-шараларды қолға алуда, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу қажет, ел — жұрт неліктен қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді? Осы және өзге де сұрақтарға жауап берген прокурор Тайқаров Арман Бауржанұлы сұрақтар бойынша егжей – тегжей ақпарат берді. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. «Уақыт талабынан олар да қалыс қалмай келеді», деген спикер ғаламтордағы әккілердің, әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отырғанын мәлімдеді. «Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр» деді А. Б.Тайқаров. Кездесу соңында прокурор интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып және қолында компьютер, смартфон, планшеті бар кез келген адамның кез келген уақытта ақпараттық жүйенің, соның ішінде интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатындығы туралы және абай болуды ескертті.