Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының ұжымы және кәсіподақ ұйымы Сізді өміріңіздің айтулы белесі – мерейлі 60 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстың медицина қызметкерлері үшін Сіз әрдайым алдыңғы қатарда ойып тұрып орын алған Тұлғасыз! Ұзақ жылдары бойы денсаулық сақтау басқармасын, ірі медицина ұйымдарын басқарып келе жатқан Сіз, өңіріміздің тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары, аса беделді басшыларының бірісіз! Сіздің жаныңыздың жомарттығы, жүрегіңіздің мейірімділігі, арыңыздың кіршіксіздігі, әділдігі, өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, әріптестеріңіз үшін, жас медицина қызметкерлері үшін зор мақтаныш, абырой, өнеге, нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Ұжымда адал, әділ, еңбекқор басшы, медицина қауымдастығына сыйлы әріптес, отбасыңызда мейірбанды әке, асыл жар бола білген өзіңіздей «ақ халатты» абзал жанға шын көңілден мұқалмас жігер, зор денсаулық, қайтпас қажыр — қайрат, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, шаттық — қуанышыңыз мол болсын! Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз қуанышқа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық — қуаныш арылмасын! Асулардан өте беріп, жастан жасқа жете беріңіз!
