Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының оңалту орталығында жаңа жыл қарсаныңда «Қош келдің, жаңа жыл» атты мерекелік іс шарасы өткізілді! Балалар 2024 жылдың басты кейіпкері Ұлуды тамаша көтеріңкі көңіл күйде шығарып салып, жаңа Жылан жылан, Аяз ата мен Ақшақарды қошеметпен қарсы алды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Шалқан» ертегісі қойылымын тамашалап, ерекше әсерде қалды. 2025 жылдың басты символы болып табылатын Жылан т.б.кейіпкерлер балалармен шырша жанында ән салып, би билеп тақпақтар айтып мерекелік көңіл күйге бөлене білді. Сонымен қатар, «Азық-түлік кәрзеңкесі көмек қоры» жеке қайырымдылық қорының директоры Балмагамбетова Айзада Нурлановна мен «Қоғам тірегі» қоғамдық қорының орындаушы директоры Анапин Динмухамед Жанибекович ерекше балаларға 120 жаңа жылдық сыйлық үйлестірді.
