Бүгін халықаралық «Балаларды қорғау күні» қарсаңында, көпсалалы облыстық балалар ауруханасының тәжірибелі мамандары «жылжымалы медициналық кешенмен» Хромтау және Алға аудандарына жолданып, балаларға медициналық көмек көрсетті. Мамандар құрамында: Алға ауданына — оториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі, хирург – оториноларинголог С.А.Каусова, шұғыл хирургия бөлімшесінің абдоминальді хирургі, хирург – гинеколог Е.В.Роскидайло; Хромтау ауданына — жақ – бет хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жақ – бет хирургі Ш.А.Тлеужанова, невролог А.Қ. Қыдырғали.
Мамандармен жүзден астам балаларға кеңес – беру консультативтік қараулары жүргізіліп, 16 балаға хирургиялық ота жоспарланды. Оның ішінде 3 балаға мұрын, құлақ ақауларымен оториноларингологиялық ота, 9 балаға жақ сүйектері ақауларымен жақ – бет оталары, 4 балаға «аталық бездің су жиналуы» ақауымен урологиялық оталар (гидроцеле) тағайындалды. Сонымен қатар, 12 бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының неврология және оңалту бөлімшелеріне жолданды.










